25 Тамыз 2026, Сейсенбі 12 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:32
Күн 05:11
Бесін 12:21
Екінті 17:11
Шам 19:21

Сәресіде ниет етіп, ауыз бекіткеннен кейін қайта су ішуге бола ма?

Сәресіде ниет етіп, ауыз бекіткеннен кейін қайта су ішуге бола ма?

Ауыз бекіту уақыты – ниет еткеннен кейін емес, таң намазының уақыты кірісімен басталады.

Сол себепті, егер сәресі уақыты әлі шықпаған болса (яғни, таң намазы кіріп қоймаған болса), қайта су ішуіне болады. Оған алдын-ала жасаған ниеті бұзылмайды, оразасы дұрыс.

Ханафи кітаптарының бірінде мынадай сөз бар: «Егер, түннен ниет етіп, одан соң жеп-ішсе, ниеті бұзылмайды»[1].

Ал сәресі уақыты шығып қойған жағдайда, еш нәр татпауы керек.

[1] Әз-Зәбиди: әл-Жәуһәрә. 1/330 бет.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz