24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Оразаның парыз болуының хикметі неде?

Оразаның парыз болуының хикметі неде?

Жауап: Алла Тағала – Дана, хикмет иесі. Әрбір құлшылықты белгілі бір хикметпен парыз қылды. Оның бірін білсек, біріне біздің ақылымыз жетпейді.

Ибн Абидин: «Ораза – шариғат қағидаттарының берік тірегі. Пенде ораза ұстау арқылы жамандыққа шақырушы нәпсіні тізгіндеп, күні бойы ішіп-жеуден, төсек қатынасынан тыйылады. Жүректен шығатын пәк сезімдерін оятады. Бұл ең жақсы қасиеттердің бірі болғанмен, нәпсіге ең ауыр келетін құлшылық. Алла Тағаланың бірінші жеңіл құлшылықпен, яғни намазбен бастауының сыры – пендені ғибадатқа құлшындыру. Кейін нәпсіге ауырлау келетін құлшылықты, яғни зекетті, сосын ең ауыры оразаны бекітіп: «Ықыласты ерлер және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер» ("Ахзап" сүресі, 35-аят), - дейді», - деп баяндайды.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz