24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Рамазанның соңы: Ораза ұстаған адамның жәннаттың «әр-Раййан» есігінен кіруі

Рамазанның соңы: Ораза ұстаған адамның жәннаттың «әр-Раййан» есігінен кіруі

Ораза бекіткен жандар «әр-Раййан» атты есіктен кіруімен ораза ұстамаған пенделерден ерекшеленеді.

Имам Муслим мен Имам Бухари Әбу Һурайрадан (Алла разы болсын) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.ғ.с):

«Кімде-кім Алла жолында жақсылық жасаса, қияметте жәннат есігінен шақырылып: «Ей Алланың құлы! Бұл – ізгі амал», – делінеді.

Кімде-кім намаз оқушылардан болса намаз, Алла жолында құрбан болса жиһад, ораза тұтқандардан болса «әр-Раййан» және садақа берушілерден болса, садақа есіктерінен шақырылады», – деген.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz