09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Ораза ұстаған адам жәннаттың «әр-Раййан» есігінен кіруі

Ораза ұстаған адам жәннаттың «әр-Раййан» есігінен кіруі

Ораза бекіткен жандар «әр-Раййан» атты есіктен кіруімен ораза ұстамаған пенделерден ерекшеленеді.

Имам Муслим мен Имам Бухари Әбу Һурайрадан (Алла разы болсын) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.ғ.с): «Кімде-кім Алла жолында жақсылық жасаса, қияметте жәннат есігінен шақырылып: «Ей Алланың құлы! Бұл – ізгі амал», – делінеді. Кімде-кім намаз оқушылардан болса намаз, Алла жолында құрбан болса жиһад, ораза тұтқандардан болса «әр-Раййан» және садақа берушілерден болса, садақа есіктерінен шақырылады», – деген.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz