24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Сүннет намаздарын отырып оқыса бола ма?

Сүннет намаздарын отырып оқыса бола ма?

Сүннет намаздар – нәпіл намаздардан бір саты жоғары. Олардың үкімі нәпілден гөрі, уәжіпке жақынырақ. Кітаптарда «мүәккәд сүннеттер – уәжіпке жақын» делінген[1].

Ал кей кітаптарда сүннет намазын да «нәпіл» деп атауының себебі – тілдік тұрғыда, үкім тұрғысынан емес[2]. Дейтұрғанымен, ғалымдарымыз сүннет намаздарын да, нәпіл намаздары секілді, үзірсіз отырып оқуға болады дейді. Бұған қатысты фиқһ кітаптарында: «Нәпіл намаздарды, мейлі бекітілген сүннеттер болсын, мейлі мұстахаб намаздар болсын, тұрып оқуға күші жетсе де отырып оқи береді»[3] делінеді. Алайда, таң намазының орны ерекше, оны уәжіп намазбен теңейтіндер бар, сондықтан да, таңның сүннетін үзірсіз отырып оқуға болмайды, қалған сүннет намаздарын отырып оқуға болады.

 

[1] Ибн Ғабидин: «Роддуль мұхтәр». 1\219  бет.
[2] Өйткені «нәпіл» деген «қосымша» деген сөз. Сүннет те парызға қосымша намаз ретінде бекітілгендіктен, оларға да кей кітаптарда «нәпіл» сөзі тілдік мағынада қолданылған.
[3] Мәйдәни: «Лүбәб». Бәбун нәуәфиль.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz