24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Намазда тұрғанда жан-жағымызға қарауға бола ма?

Намазда тұрғанда жан-жағымызға қарауға бола ма?

Намазда тұрғанда жан-жағымызға қарауға бола ма? Қарап қойған жағдайда намаз бұзыла ма?

Айша анамыз: «Алла елшісінен (с.ғ.с) намаз оқып тұрғанда жан-жаққа бұрылып қараудың үкімі жайлы сұрағанымда: «Олай істеу – шайтанның намазда тұрған адамның намазына қол сұғып, (сауабынан) білдірмей ұрлауы болып табылады» – деп айтты» деген (Бұхари, әзән 93).

Намаз оқып тұрғанда жан-жағына қарап қойса, намаз бұзылмайды. Бірақ, намазда тұрғанда мойнын бұрып жан-жағына қарау – мәкрүһ. Ал қажет жағдайда көзбен жан-жағына қарауына болады. Алайда, бірнеше рет қайталайтын болса –  ол да мәкрүһ болады. Намазда тұрғанда көзіміз сәждеде басымыз тиетін жерде болғаны абзал.  

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz