09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Намазда (қиямда) оң қолды сол қолдың үстіне қою мәселесі

Намазда (қиямда) оң қолды сол қолдың үстіне қою мәселесі

Саһл ибн Сағд (р.а.) айтты:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдарға намазда (қиямда) тұрғанда оң қолын сол қолының үстіне қоюды бұйырды.

Ибн Хазм айтты: «Бұлай қылуды кімнің бұйырғандығын анық айта  алмаспын, бірақ Саһл ибн Сағд бұны Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сілтеме береді»,- деді.

Имам Бұхари (р.а.) айтты: «Сілтеме беріледі»,- деді-ау, бірақ кімге сілтеме беруді айтпады. Ескерту: Ханафи мәзһабында намазда қол байлағанда оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кіндіктің астына байланады. Бұған дәлел мына хадис: «Хазреті Әлидің риуаят етуінше оң қол сол қолдың үстіне кіндіктің астына қойылып, байлану сүннеттен»,- деді. (Әбу Дауд, Салат 118, Ахмад ибн Ханбал, І - 110).

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz