09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Намаз оқығанда жан-жаққа қарап алаңдаудың мәкрүһтігі

Намаз оқығанда жан-жаққа қарап алаңдаудың мәкрүһтігі

Айша анамыз (р.а.) риуаят етті:

«Намаз оқып жатып о жақ, бұ жаққа қарап алаңдау турасында Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ол – шайтанның адамның намазынан бір бөлігін ұрлап алуы!»,- деп жауап берді».

Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде гүлді көйлек киіп намаз оқыды. Содаң соң: «Бұл киімнің гүлдері менің ойымды бұзды (алаңдатты). Бұны Әбу Жаһмге апарып бер, орнына (көйлек) алып кел!»,- деді.

Әнас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Адамдарға не болған өзі? Намаз оқып жатып ылғи да аспанға қарайды?»,- деді. Кейін, бұл туралы: «Адамдар намаз оқып жатып, аспанға қарауды тоқтатпаса, олардың көздері соқыр қылынады»,- деп қаттырақ айтты»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz