09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Дененің жеті мүшесімен сәжде етуге бұйырылдық

Дененің жеті мүшесімен сәжде етуге бұйырылдық

Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) денесінің  жеті мүшесімен сәжде қылуды бұйырып, шашты артқа қарай тарауға және  киімді (етегін, жеңін) бүктеуді тиды. Осы жеті мүше: маңдай, екі қол, екі  тізе және екі аяқпен сәжде қылуды бұйырды»,- деді.

Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «Шашты артқа қарай тарамауға,  киімді артқа қайырмауға және жеті мүшемен сәжде қылуға бұйырылдық»,- деді.

Барра ибн Азиб (р.а.) (ол жалған сөйлемейді) риуаят етті: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұйып намаз оқитын едік. Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) «Самиғаллаһу лиман хамидаһ» дегенінде, сәждеге басын жерге  қоймағанына дейін бірде-біреуміз белімізді имейтінбіз»,- деді.

Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) денесінің  жеті мүшесімен маңдай (қолдары мен мұрнын көрсетті) екі қол, екі тізе  және екі аяқтың ұшымен сәжде қылуға және шашты артқа қарай  тарамауға, киімді артқа қайырмауға бұйырылдым»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари хадис жинақтары» кітабынан алынды,

ummet.kz