09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Ата-анамның үйіне барғанда, намазды жолаушы ретінде қысқартып оқимын ба?

Ата-анамның үйіне барғанда, намазды жолаушы ретінде қысқартып оқимын ба?

Фиқһ ережесі бойынша, кісі өзінің туып-өскен жерінен кетіп, басқа елді мекенге қоныстанса және сол жерде тұрақтауды ұйғарса, оның бұрынғы туып-өскен жері «негізгі отан» (асли отан) мәртебесін жоғалтады.

Осы ережеге сай айтар болсақ: Сіздің тұрғылықты жеріңізден 90 шақырым қашықтықта орналасқан ата-анаңыздың ауылына 15 күннен аз уақытқа барған болсаңыз, жолаушы ретінде намазды қысқартып оқисыз. Аллаһу аъләм. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz