09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:06
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Қажылықтың жеке адамға және қоғамға тигізер пайдасы

Қажылықтың жеке адамға және қоғамға тигізер пайдасы

Игі қажылықтың мұсылманның жеке басына және қоғамға тигізер пайдасы да өте көп.

Жеке пайдалары:

- күнәні жоюы;

- нәпсіні күнә әуестігінен тазартуы;

- иманды күшейтіп, Алла Тағаламен байланысты нығайтуы;

- шынайы тәубеге көмектесуі;

- ережелерді сақтау мен ұстануға, қиыншылыққа сабыр етіп, шыдамдылық танытуға дағдыландыруы;

- Алла үшін жан қиюға үйретуі.

Қажылық не умра жасауымен мұсылман өзіне Раббысы берген мал-мүлік нығметі мен денсаулық нығметіне шүкір етеді. Жан дүниесі шынайы құлшылықпен және толық бойсұнумен рухтанады. Алла Тағаланың діні мен шариғатына бағынады.

Қоғамдық пайдалары:

- Алла Тағаланың дидарын іздеп әлем тарапынан төгілген алуан түрлі ұлт өкілдерінен болған мұсылмандармен, олардың Отандарымен және тілдерімен танысуы;

- әлемдегі мұсылмандардың жағдайларымен танысуы;

- бүкіл әлемнің Аллаға ғана құлшылық жасау үшін жаратылғандығын білуі;

- ұлттарына, тілдеріне және түстеріне қарамастан мұсылмандардың бауыр және бір дене екенін ұғынуы;

- бәрінің де ортақ мақсаты – елдеріне оралғанда хақ дінді таратуға берілулерін білулері.

Қажылықтың үкімі Қажылық денсаулығы мен материалды тұрғыдан шамасы келуші әрбір мұсылманға парыз айн. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла алдында Қағбаны қажылық ету – адамдарға парыз етілді, әрине, кімнің оған амал табуға шамасы келсе. Ал кім қарсы келсе, әлбетте, Алла әлемдерге мұқтаж емес» («Әли Ғимран» сүресі: 97) - деген.

материал «Фиқһ: Қажылық» кітабынан алынды,

ummet.kz