25 Қараша 2026, Сәрсенбі 15 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:42
Бесін 12:06
Екінті 14:33
Шам 16:20
Құптан 17:54

Кемел адам – мақталса да, датталса да халі өзгермейтін адам

Кемел адам – мақталса да, датталса да халі өзгермейтін адам

«Кемел адам мақталса да, датталса да, халі өзгермейтін адам...» (Омар ибн Абдулазиз)


Айналасына мақтану, өзі жайлы ұдайы мадақ сөз дәмету - нәпсі ауруының көрінісі. Тіпті мұны нәпсі табиғатының бір ерекшелігі деуге болады. Мұндай аурудан айықпаған адамның құбыласы - ақиқат емес, жұрттың өзі жайлы пікірі. Сондықтан оның мінезі әркез құбыл- малы келеді. Онда тұрақты ұстаным мен құндылық болмайды. «Не істесем, айналама жағып, сол арқылы елдің мақтауы мен мадағына ілігемін?» дегенді ойлаумен болады. Көзбояушылық пен көрініп қалуға деген құлшыныс адам нәпсісінің мақтау естуге деген осы құмарлығынан туады.

Нәпсі дерті тереңдегенде, адам өзі жасаған ісі былай тұрсын, мүлдем қатысы жоқ істерді де иемденіп, сол арқылы айналасынан мақтау естіп, қошемет көргісі келеді»,- деп мақтау күте бастайды. Құранда: «Олар тіпті өздері жасамаған іс- адамның асқынған осынау рухани дерті ескертілген.

Басқаларды шыққан тегіне бола кемсіту немесе ата-бабасымен, түр-әлпетімен, дауысымен, шешендігімен, тілмарлығымен, ішкен-жегенімен, мал-мүлкімен, тіпті жасаған құлшылығымен масаттанып, мақтану - дертке шалдыққан нәпсінің көрінісі.

Адам нәпсісі мақтау сөзді, елдің қошеметін естіген сайын рахаттанады, семіреді. Жаңа доза іздейтін есірткіге тәуелді адам тәрізді, мақтауға семірген нәпсі үйреншікті мадақ-мақтауды місе тұтпай, алдыңғысынан да өзгеше, бұрынғысынан да әсерлі баска мақтау мен қошемет күтеді де тұрады.

Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) «Сіз жердегі ең қайырлы жаратылыссыз» деген сахабасына: «Бұл айтқаның мен емес, Ибраһим пайғамбар», - деп, өзі лайық бола тұра, өзіне айтылған мақтауды қабылдамаған.

Оның тәрбие мектебінің шәкірті әзірет Әбу Бәкір де мақтанғанды әрі айналасындағылардың өзін мақтағанын ұната бер- мейтін. Біреу оны мақтай қалса: «Раббым, Сен мені менен де жақсырақ білесің. Мен де басқаларға қарағанда өзімді көбірек танимын. Уа, бүкіл әлемдердің Раббы! Елдің мен жайлы ойлаған жақсы қасиеттерін маған нәсіп ет. Ал олар білмейтін күнә- ларымды кешіре гөр. Олардың мақтау сөздеріне алданып, тәкаппарлыққа салынудан мені сақтай гөр!» деп жалбарынып дұға жасайтын. Міне, бұл шынайы мұсылманның әрекеті.

Мұндай рухани дерттің емі пенденің бойындағы бар қабілет-қарымы мен күш-қуатын Құдайдан деп біліп, жақсы амал жасауына, жетістікке жетуіне жәрдем берген Ұлы Иесін бір сәт те есінен шығармауы. Мақтауға себеп болған істі өзіне меншіктемеуі.

Шынайы мұсылман Жаратқан нәсіп еткен жетістік пен нығметпен масаттанбайды. Айналасынан мадақ күтіп, дәметпейді. Керісінше, Аллаға алғыс білдіріп, шүкір етеді. Өзінің кемшілігі мен әлсіздігін, Аллаға деген мұқтаждығын әрдайым сезініп, нәпсісінен қатал есеп алады.

Айналасынан өзі жайлы мақтау сөз, жақсы пікір естігенде, «Мен өзімді өзгеден жақсырақ білемін. Мен бұл мақтауға лайық емеспін. Бүкіл мақтау мен мадақ бір Жаратқанға ғана тиесілі» деген имани үн көкірегінде сайрап тұруға тиіс.

материал «Кемел адам - 2» кітабынан алынды,

ummet.kz