19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Жазықсыз жандарға таңылған жала аспаннан да ауыр

Жазықсыз жандарға таңылған жала аспаннан да ауыр

Иман келтіру

Әлиден (р.а.) «Аспаннан ауыр нәрсе не? Жерден кең нәрсе не? Теңізден шалқар нәрсе не? Тастан қатты нәрсе не? Оттан ыстық нәрсе не? Аяздан суық нәрсе не? Удан ащы нәрсе не? - деп сұрағанда,

Ол: «Жазықсыз жандарға таңылған жала аспаннан да ауыр. Ақиқат жерден де кең. Қанағатшылдың жүрегі теңізден де шалқар. Мұнафықтың жүрегі тастан да қатты. Қатыгез билеушінің билігі оттан да ыстық. Қыңырға іс түскен кез аязды күннен де суық. Сабырлылықтың дәмі удан да ащы»,– деген екен. Басқа риуаятта «Өсек удан да ащы» деген.

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: