31
Жұма,
Мамыр

һижри

Құранда мынадай аят келеді: «Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық» («Ахзаб» сүресі, 6-аят).Саңлақ сахабалар ислам дінінің кең қанат жаюына табанды еңбек сіңірген тарихтағы ең ардақты жандар. Олар пайғамбар өмір сүрген алтын ғасырдың бір-бір куәгерлері еді. Тіпті, олар аспандағы жұлдыздар секілді жарық жол нұсқаған ұлы тұлғаларға айналды. Олар адамзаттың абзалы болған Алла Елшісімен (соллаллаһу аләйһи уә салләм) замандас болып қана қоймай, өздерінен пайғамбарды артық жақсы көріп, қалт еткенде үнемі қасынан табыла білді.

Адамзаттың ардақты тұлғасы, сүйікті пайғамбарымыздың өмір жолымен етене танысып, тал бойындағы маржандай тізілген көркем мінез-құлқын бойымызға сіңіру – үмметі біздерге міндет. Саңлақ сахаба Әбу Бәкір (р.ғ.) пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Уа, Алланың елшісі! Осыншалықты әдепке сізді кім баулыды?» - деп сұрайды. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Мені Раббымның өзі әдепті етті және жақсылап тәрбиеледі», – деп жауап қайырған екен.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүшріктерге аспандағы айды екіге бөліп, оны екі таудың басынан көрсеткен. Бұл таңқаларлық оқиға «пайғамбар мұғжизасы» деп айтылады. Сәл кейінірік, әуелі түсінікті болу үшін мұғжиза сөзіне аз-кем тоқталып кетейік. Мұғжиза – пайғамбарлардың пайғамбар екендігін дәлелдеу үшін Алланың жәрдемімен көрсеткен таңғажайып істері. Дәлірек айтсақ, пайғамбарлықтың айқын құжаты.

Алла Тағала «Сәур» үңгіріне жасырынған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен досы Әбу Бәкірді (р.ғ.) жаудың қолынан құтқару үшін өрмекші мен көгершінді пайдаланды. Алланың әмірімен өрмекші үңгірдің аузына тор тоқыса, көгершін ұя жасап, екі мүбәрак жанды жау қолынан қорғап қалды. Міне, осы қиын сәтте Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Уайымдама, Алла бізбен бірге”,– деп досы Әбу Бәкірге (р.ғ.) көңіл жұбанышын білдірді.

Жер бетіндегі күллі мұсылман үмметі қасиетті Құранның Алла Тағаладан сүйікті Пайғамбарымызға араб тілінде түскендігіне сөзсіз иланады. Сондай-ақ, бұл жайында ешбір мұсылман баласы талас тудырмайды. Дейтұрғанмен, дін дұшпандары әркез Құраннан қате іздеп әлек болады. Ал оған мына бір тарихи оқиға дәлел.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін шаһар халқы мұсылман болып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) көрсеткен жолымен жүре бастады. Дегенмен, бұл көрініс Мәдинадағы кейбіреулер үшін кәдімгідей жағымсыз көрініп, көңілдеріне жақпады. Дәл айтқанда, мұсылман емес, не кәпір емес екіжүзді мұнафықтар Мәдина мұсылмандарының көгеріп, көктегенін қаламайтын. Олар сырт көзге мұсылман болып көрінгенімен немесе өздерін мұсылманбыз деп тілмен жәй ғана айтқаны болмаса ақиқатында мүлдем басқа жандар. Неге екеніне алдағы сәтте тоқталмақпыз. 

Абдуллаһ ибн Амр (р.ғ.) Ұхұд соғысында алғаш шәһит болған һәм Алламен тілдескен ардақты сахаба. Бұл кісі Бәни Сәләмә тайпасының алдыңғыларынан болғандықтан екінші Ақаба антына қатысуға Бәра ибн Марур деген сахабамен бірге ұсыныс алады. Сондай-ақ, Меккелік мүшріктермен болған Бәдір соғысына да қатысқан.