10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Қазан имамдары емханаларды аралайды

Қазан имамдары емханаларды аралайды

Татарстан астанасы Қазан қаласының имамдары емханаларды аралайды. Бұл шешім ТР Мұсылмандары діни басқармасы уағыз-насихат бөлімінде өткен жиында қабылданған.

Имамдар Қазан қаласы және Татарстан бойынша емдеу орталықтарын аралап, дертіне шипа іздеген адамдармен кездеспек ниетте. Қазір осы мақсатта жұмыс жүргізуге құқылы имамдар тізімі әзірленуде.

Бөлім басшысы Нияз Сабыровтың айтуынша, бұл бастама ауруханадағы емделушілер мен туыстарының ұсынысы негізінде қолға алынған. 

ummet.kz-ақпарат