09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Санкт-Петербург ислам астанасына айналады

Санкт-Петербург ислам астанасына айналады

Санкт-Петербургте 27 сәуір-6 мамыр аралығында қала тарихында тұңғыш рет Мұсылман мәдениеті күндері өтеді.

Шара Ресей президенті В.Путин атап өткен ислам саласында жоғары кәсіби мамандарды әзірлеу қағидасына негізделіп отыр.

«Санкт-Петербург әруақытта ресейлік шығыстануда тарихи мекен саналды. Дегенмен, еліміз 300 жылдық тарихында исламға осылайша ден қойылмады» деп жазады БАҚ беттерінде.

Аталмыш шара аясында бірқатар көрмелер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, Құран негіздері мен тарихына арналған конкурстар ұйымдастырылмақ. Бұған қоса, кинотеатрлардың бірінде «Мұхаммед – Алланың елшісі» атты кинотуынды көрсетіледі. 

ummet.kz-ақпарат