Ханафи мәзһабының жүйеленуі

Ханафи мәзһабының жүйеленуі

Ақида
Жарнама

Имам Әбу Ханифа өзі жеке бір кітап жазғандығы жайында әртүрлі көзқарастар бар. Бірнеше кішкене рисалелердің (кітапшалар) оған тән екендігі айтылуда.

Бұл рисалелер: «Әль-Фиқһул Әкбар», «әл Алим уәл-Мутааллим». Хижреттің 132 жылы қайтыс болған шәкірті Осман әл-Беттиге жазған кітаптары (рисала) мен Қадария ағымының көзқарастарын сынап жазған рисалесі де осылардың қатарына жатады. Бұл рисалелердің барлығы кәләм іліміне, уағыз-насихатқа арналған. Ал Имам Ағзам фиқһ жайында өз қолымен жазған еңбегі жоқ. Оның фиқһ жайындағы көзқарастарын, пәтуаларын және ижтихадтарын жинақтап бізге жеткізген шәкірттері56. Имам Ағзам Әбу Ханифаның фиқһын ұмытылудан сақтап қалған құрметті шәкірттерінің ішінде екі кісінің орны бөлек. Бұларға Ислам фиқһ тарихында Имам Ағзаммен ұзақ уақыт достық құрып, оның құрған фиқһ мектебін дамытқандары үшін «сахибайн – екі дос» аты берілген. Міне бұлардың біріншісі Яқуб бин Ибрахим әл-Әнсари, лақабы Әбу Юсуф. Осы атымен әйгілі. Имам Әбу Юсуф, Имам Әбу Ханифа қайтыс болғаннан кейін 32 жыл өмір сүрген.

Әбу Юсуфтың ұстазының да көзқарастарын қамтыған өте маңызды шығармалары мыналар:

1. Кутубу-л Асар. Бұл шығарма Әбу Ханифаның истинбат әдістемесінен тұратын фиқһының жиынтығы десек те болады. Бұл кітапта Әбу Ханифаның, табииндердің пәтуалары жинақталған.

2. Ихтилафу Әбу Ханифа және Ибн Әби Ләйла. Әбу Юсуф бұл шығармада хижри 148 жылы қайтыс болған қазы Ибн Ләйла мен Имам Әбу Ханифа арасындағы пікірталастарды жазған.

3. Әр-Радду алә Сиярил-Әузағи. Бұл шығармада соғыс кезіндегі мұсылмандар мен кәпірлердің арасындағы қатынастар және жиһадқа (Аллаһ жолында соғыс) байланысты тақырыптарда Әузағи мен басқалар арасындағы пікірсайыстар орын алған.

4. Китәбул-хараж. Әбу Юсуф бұл еңбегінде Ислам мемлекетінің қаржы саласы мен қазынасына қатысты тәртіптерді қалыптастырған. Бұл жерде ол ұстазы Әбу Ханифамен бірге өзінің де көзқарастарын ұсынған. Имам Ағзамның мәзһабы мен көзқарасының жайылуы үшін еңбек сіңірген екінші шәкірті Мұхаммед бин әл-Хасан әш-Шәйбани (һижри 132-189 ж.ж.). Оның шығармалары өте көп. Соның ішінде фиқһта маңызды болып саналатын еңбектері алтау: 1. Әль-Асл. (әл-Мабсут) 2. Әз-зиядат. 3. Әл-Жамиус-Сағир. 4. Әл-Жамиуул-Кәбир. 5. Әс-Сиярус-Сағир. 6. Әс-Сиярул-Кәбир.

материал «Мәзһаб туралы таным» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: