20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Әмірлікте киберпрокуратура пайда болды

Жаһан

Біріккен араб әмірлігінде жаңа ведомсвто – Киберпрокуратура пайда болды. Осыған байланысты министрлік жарлығы Абу-Дабиде жарияланды.

Жаңа ведомсвто елдегі ақпараттық кеңістіктегі қылмыстарды зерттеумен айналысады. Алдын ала хабарға сәйкес, киберпрокуратура қоғамдық әдеп, адам саудасы, заңсыз қару-жарақ, оқ-дәрілер сату және заңсыз қайырымдылық мақсатында қаражат жинау секілді құқықбұзушылықтарды бақылайды.

Сонымен қатар, Жаратқанға, пайғамбарларға, қасиетті орындарға, ислам дініндегі маңызды нысандарға тіл тигізу және нұқсан келтіру, шерулер мен митингілер ұйымдасыру мәселелерін де қарайды.

Бұдан бөлек, БАӘ Киберпрокуратурасы есірткі заттарын қолдану және сатуға байланысты насихаттарды, қаржыны заңсыз жымқыру және аудару, осыған байланысты кез келген іс-әрекеттерді киберқылмыс ретінде қарастырады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: