20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Ыстық тамақ – тәнге қуат, ізгі ниет – жанға жылу (ФОТО)

Мешіт тынысы

Бүгін бас қаламыздың жыл он екі ай айрықша әсемдігі мен тазалығына жауапты қызметкерлерге ерекше сый-құрмет көрсетілді.

 

«Нұр Астана» орталық мешіті Астана тазалықшыларына арнаулы шара ұйымдастырды. Бұл шара елорда әкімдігінің «Астана – мейірімді қала» акциясы аясында көрікті қаламыздың ажарын арттырып, шырайын кіргізген, ен бойына қылау жұқтырмай жан аянбай еңбек етушілерге қолдау көрсетіп, көңілдеріне демеу білдіру мақсатында қолға алынған. Әсіресе, алты айлап қысқы ызғар мен қалың қар жауған аралықта қала тазалықшыларының қызметі қызады. Тазалықшылар аязды күнге қарамастан қала қонақтары мен тұрғындарының, қала берді көліктердің қозғалысына қолайлылық тудыру үшін ала таңнан жұмысқа кіріседі. Бел буып, күрек арқалап, қалтқысыз еңбек етеді.

Міне, осындай еңбекқор топқа «Нұр Астана» мешіті қызметкерлері  бүгін таңғы ыстық ас пен қою күрең шәймен сый жасады. Игілікті шарада Д.Қонаев, Мәңгілік ел және Қабанбай батыр көшелері бойында жұмысқа жұмылдырылған 90 адам қамтылды. Өз кезегінде дін қызметкерлерінің ізет-құрметіне тазалықшы топ риясыз алғыс-тілектерін арнады.

Astanatazalyk1

Astanatazalyk2

Astanatazalyk3

Astanatazalyk4

Astanatazalyk5

Astanatazalyk6

Astanatazalyk7

Astanatazalyk8

Astanatazalyk9

Astanatazalyk10

Astanatazalyk11

Astanatazalyk11

Astanatazalyk12

Astanatazalyk13

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: