19
Жұма,
Сәуір

һижри

Халал туризм саласының үздіктері анықталды

Жаһан

Біріккен араб әмірлігі мұсылман халқына арналған халал туризм бағытындағы рейтингте үздік деп танылды.

Рейтинг құру барысында мынадай 4 сипатқа назар аударылған: халал нормаларына сай қызметтер сапасы, келуші турист мұсылмандар көлемі, еңбек нарығындағы «халал туризм» секторының орны және осы сала бойынша ақпараттандырушы компаниялардың жүргізілуі.

«Қазіргі күнде халал туризмі әлем бойынша үлкен айналымға шықты. Осыған орай бұл бағытқа ерекше назар аударылуда. Дегенмен, көпшілік кей кезде халал туризмнің не екенін жете ұғынбайды және халал қызмет түрлерін дұрыс түсіне қоймайды. Сол себепті, осы салада түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуі керек» деді халал акредиттеу бойынша Халықаралық форум бас хатшысы Мұхаммед Салех Бадри.

Айта кету керек, халал туризм үштігіне Түркия мен Малайзия елдері енді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: