29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ғалымдар: Ораза адам өмірін ұзартады

Жаһан

Ғалымдар уақыт өткен сайын ислам дініндегі ораза ұстаудың әртүрлі сыр-құпияларын аша түсуде.

Салауатты өмір салты саласындағы америкалық зерттеушілер белгілі бір уақыттарда ас-тамақтан тыйылу адам өмірі үшін өте пайдалы, оның ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді деген тұжырымға келді. Ғалымдар мұндай қорытындынға тәжірибелік бағдарламалар нәтижесінде келген.

Сонымен, зерттеуге сәйкес, калорияны қолдануды 30-40%-ға төмендету өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер ететін көрінеді. Сонымен қатар, бұл әуелгі кезекте асқазанды аштықта ұстаушы адамның жас ерекшелігіне де байланысты болып келеді. Әсіресе, ересек, есейген адамдардың ораза ұстауы үлкен нәтижелер береді, деп жазады Nature Communications.

Дереккөз: E-Islam.kz

Бөлісу: