26
Жұма,
Сәуір

һижри

Ақтөбеде «Экстремизм картасы» әзірленді

Ел іші

Ақтөбе облысы Алға ауданында дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылардың тұрғылықты мекендайжарын анықтайтын «экстремизм картасы» әзірленді.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жергілікті орган теріс діни ағымдарға тән белгілерге қатысты жіті бақылау жүргізеді. «Бұл картада ауданның әрбір мекенжайлары тіркеуге алынған.  Әр аудан, аймаққа білікті теолог мамандар бекітілген. Алдын ала зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, қазір ауданда 124 дәстүрлі емес ағымды ұстанушы тұрғын бар. Өткен жылы олардың саны 137 болған» дейді Алға ауданы әкімі Мавр Абдуллин.

Аудан әкімінің сөзінще, өңірде ата-аналары екпе салдырудан бас тартқан 125 бала бар. Айта кетсек, теріс ағым өкілдері діни себеппен екпеден бас тартады. Қазіргі уақытта оларға арнайы мамандар түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Дереккөз: E-Islam.kz 

Бөлісу: