28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

«Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» әйелдер конференциясы өтті (ФОТО)

Ел іші

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде тұңғыш рет «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты исламтанушы әйелдерге арналған конференция өтті, деп хабарлайды Muslim.kz.

ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімі «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен өткен шара Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр.

Конференция жұмысына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері Алтынбек Ұтысханұлы мен Бақтыбай Бейсенбаев, «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі Ақбөпе Тілегенова, сондай-ақ осы секторға қарасты әр өңірдегі өкілдері,қоғам қайраткерлері мен исламтанушы әйелдер қатысты.

Конференция аясында жуырда ғана ашылған «Әйелдер-қыздар» секторының еліміз бойынша атқарған іс-шараларының есебі баяндалып, арнайы әзірленген бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, осы сала аясында әртүрлі ұсыныстар айтылып, алдағы жылы атқарылатын жұмыстардың жалпы жоспары талқыланды. Жиын соңында қатысушылардың үндеуі жарияланды.

Abm3

Abm4

Abm5

Abm7

Abm8

Abm10

Abm12

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: