24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі (ФОТО)

Мешіт тынысы

Бүгінде Астана мешіттері үлкен мәдени іс-шаралар орталығына айналды. Жамағаттың ауызбірлігін, бауырластық байланысын арттыру үшін сан түрлі салиқалы басқосу, кездесулер "Нұр Астана" орталық мешітінде ұдайы ұйымдастырылады.

Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубы қазіргі уақытта жүйелі жоспар құрып, белсенді қызмет етіп келеді. «Нұр Астана» орталық мешітіне жиылған клуб мүшелері Динара Нұрғалиева ұстаздың жетекшілігімен «Салауатты өмір салтын ұстану» атты семинары өтті. Семинарды ұйымдастырудағы басты мақсат, әйел жамағатының денсаулығына үлкен мән беріліп, салауатты өмір салтын қалыптастыруда кәсіби маман кеңес беріп, дұрыс жол бағыттау,  репродуктивті денсаулықты қорғау туралы ақпарат беру.

Семинарға арнайы шақырылған №9-шы қалалық емхананың профилактика бөлімінің дәрігері Сембаева Гүлжихан Какимжанқызы «Ісік аурулары және жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы, туберкулез белгілері» жайында дәріс оқыды. Семинар барысында қатерлі аурулардың шығу себептері жайлы қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берілді.  Жастардың, оның ішінде қыз балалар өз денсаулықтарын қазірден бастап ойлап, салауатты өмір салтын ұстанған кезде ғана келешектің кілтін ұстар дені сау ұрпақты дүниеге алып келері сөзсіз.

IMG 20170225 WA0097

IMG 20170225 WA0066

IMG 20170225 WA0076

IMG 20170225 WA0075

IMG 20170225 WA0085

IMG 20170225 WA0106 1

IMG 20170225 WA0109

IMG 20170225 WA0114

IMG 20170225 WA0080

IMG 20170225 WA0065

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Бөлісу: