19
Жұма,
Сәуір

һижри

Сарапшылар: Британ мұсылмандары – заңға мойынсұнатын тұрғындар

Жаһан

Ұлыбританияда корольдікте тұратын мұсылман қауымы ортасында ауқымды сауалнама жүргізілді.

Оның нәтижесі көпшілік үшін күтпеген жаңалық болды. Сауалнама мұсылмандардың Тұманды Альбиондағы ең заңға мойынсұнатын, тәртіпті тұрғындары екенін көрсетті.

Мәселен, сауалнамада мұсылмандар толықта дерлік терроризмге қарсы екеніндіктерін мәлімдеді. Респонденттердің 89%-ы зорлық-зомбылық пен террористік әрекеттерді белгілі бір мақсатта, оның ішінде саяси мүдделер үшін қолдануға, әсіресе, бұл қылмыстарды дін атынан жасауға наразылықтарын білдірді.

«Біздің қоғамдағы үлкен қауіп-қатердің бірі – төзімсіздік пен теріс пайым-түсініктер. Бізге әрдайым мұсылмандар еуропа қоғамымен біріккісі, келісім тапқысы келетінін еске салып тұруға тура келеді. Осыған байланысты мен өз діндестерімді «менталитет құрбаны» болудан бас тартып, Ұлыбритания мұсылмандары елдің ең патриот тұрғындары екенін көрсетуге шақырамын» деп атап өтті Британ парламентінің депутаты Халид Махмұд.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: