26
Жұма,
Сәуір

һижри

Ағылшын автобустары Алланы ұлықтайды

Жаһан

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ұлыбританияда «Субханаллаһ» сөзі жазылған автобустар пайда болады.

Алла есімі ұлықталған жүздеген жазба Тұманды Альбион елінің дәстүрлі екіқабатты қызыл автобустарының ажарын арттырмақ. Игі іске үн қосушы қоғамдық көліктер Лондон, Манчестер, Бирмингем, Брэдфорд қалаларында халыққа қызмет көрсетеді.

Айтулы акцияға «Islamic Relief» қайырымдылық қоры қолдау білдіріп отыр. Ұйымдастырушылар бұл шараның ағылшын мұсылмандарына айрықша рух беріп, Сирия соғысынан зардап шеккен халыққа көмек қолын созуға ықпал ететініне сенім артады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: