20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Мұсылман әр түн үйсіздерді тамақтандырады (ФОТО)

Жаһан

Әлеуметтану пәнінің мұғалімі Махмұт Қараман әр түні Стамбул көшелеріне шығып, үйсіз жандарды тамақтандыруды әдетке айналдырған.

Махмұт Қараман өз қаражатына автобус сатып алып, оның ішінен шағын асхана жабдықтаған. Осылайша ол әр түні мыңға жуық адамға ыстық тамақ таратып келеді.

«Стамбулда кем дегенде 5 мың адамның баспанасы жоқ. 10 мыңға жуық сириялықтар көшеде түнейді. Мен осы адамдарға шамамның келгенінше көмектескім келеді, алайда, бір менің күшім жетпейді» дейді Махмұт Қараман.

Қайырымды Қараманның жұбайы да қайырлы істен қалыс қалмапты. Ол мұқтаж отбасыларға қажетті тұрмыстық заттар мен тауарларды жинап, үлестіреді.

Karaman2

Karaman4

Karaman3

Karaman5

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: