19
Жұма,
Сәуір

һижри

Австрия мешіттерінде «Ашық есік күні» өтеді

Жаһан

Австрия мұсылмандары бас қауымдастығы жастармен байланысты арттыру және қоғамдағы ислам дініне қатысты мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында әр жұмада ел мешіттері мен құлшылық орындарында «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлады.

«Қазіргі уақытта, өкінішке қарай, бүкіл қоғамның алдында террористер дін атын жамылып, исламға күйе жағып келеді. Біздің міндетіміз – шынайы ислам құндылықтарын адамдарға жеткізу» деп атап өтті Австрия мұсылман қауымдастығы президенті Ибрагим Олгун.

Олгунның айтуынша, осы мақсатта елдегі 350-ден аса құлшылық орындарында әр аптаның жұма күні «Ашық есік шарасы» өтеді. Адамдар кез келген уақытта осында келіп, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алуына болады.

Ибрагим Олгун сонымен қатар елдегі басқа да діндер өкілдерін жастарды жат ағымнан сақтауда бірлесе жұмыс жүргізуге шақырды. Бұл шара терроримзге қарсы күресте қоғамдағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта Австрияда жалпы халықтың 6%-ын құрайтын жарты миллион шамасында мұсылман тұрады. Вена қаласында мұсылмандар  католиктерден кейінгі үлкен қауым саналады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: