20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Мәуліт мейрамы ұлықталды (ФОТО)

Мешіт тынысы

Пайғамбар (с.ғ.с.) мәуліті әлмисақтан мұсылман қазақ елінде ерекше аталып өтіледі. Бұл – әлемдерге мейірім ретінде жіберілген әз елші Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) дүниеге келген күн. Адамзаттың абзалы ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) өмірінен сыр шертетін жыр-дастандар мұсылман халықтарында ертеден қалыптасқан. Бұл күндері мәуліт жырлары оқылып, Аллаға мадақ-мақтаулар айтылып, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауаттар жолданады.

Бүгін елорданың «Нұр Астана», «Әзірет сұлтан», «Сәдуақас Ғылмани» және «Кунта қажы» мешіттерінде Мәуліт айы ұлықталды. Биыл Мәуліт айы желтоқсанның 11-інен 12-сіне қараған түні кірді.

Ел мерейін асырған Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген қасиетті жұма күні «Нұр Астана» орталық мешітіне жиылған халықтың санында есеп болмады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана тұрғындары мен қонақтарын мерейлі Мәуліт мерекесімен, тұғырлы Тәуелсіздік мейрамымен һәм қасиетті жұма күнімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Мәуліт айының қадір-қасиеті жайында маңызды мәліметтер беріп, әз елші Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) ғибратты өмірінен сыр шертетін тарихи деректерді баян етті.

Мәуліт мерекесіне орай мешіт қызметкерлері жұмаға жиылған халыққа пайғамбарымыздың сүйікті жемісі – құрма үлестірді. Қазақстан мұсылмандары үшін маңызды мейрамдардың бір күнге тоғысқан күні мешіт жамағаты бас имам мен ақсақалды қариялардың дұға-тілектеріне қосылып, шынайы ізгі ниеттерін жасады.

IMG 9606

IMG 9686

IMG 9830

IMG 9868

IMG 9870

IMG 9872

IMG 9876

IMG 9883

IMG 9896

IMG 9910

IMG 9919

IMG 9938

IMG 9940

IMG 9962

IMG 9963

IMG 9965

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: