20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Түзеу мекемесінде мерекелік шара өтті (ФОТО)

Ел іші

Барша мұсылманға ортақ мереке Құрбан айт күні «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Асқар Мұқанов пен «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Абсаттарұлы Астана іргесіндегі  №166/10 қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде болып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.

Тағдыр жолында жаңылыс басып, жазасын темір торда өтеуге кесілген азаматтар арасында Құдайын танып, құбылаға жүз бұрғандары аз емес. Қателікке енді қайта соқтықпай, діни жолын дұрыс тануы үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы білікті теологтар мен имамдардан құралған Республикалық ақпараттық насихат тобын (РАНТ) осы санаттағы азаматтарға уағыз-насихат жүргізуге жұмылдырған еді.

Астанадан арнайы қала іргесіндегі түзеу мекемесіне келген имамдар барша азаматтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ислам құндылықтары, мүбәрак мереке жайында насихат айтты. Сонымен қатар, мешіт тарапынан арнайы айттық сый-сияпат таратылды.


«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: