24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Құрбан шалу жақсылыққа жетелейді (ФОТО)

Мешіт тынысы

Қасиетті Құрбан айттың мерекелік намазынан кейін «Алтын таға» мал базарында «Раббың үшін құрбан шал» шарасы өтті.

Дәстүрлі сипат алған игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз және қала имамдары қатысты.

Еске салсақ, биыл Астана әкімдігі қасиетті мерекеде құрбандық шалуға сегіз нысан бекітті. «Алтын таға» базарында құрбан айттың алғашқы күнінде жалпы саны 86 бас ірі қара мал құрбандыққа шалды.

Бас мүфти игі шараға үн қосқан ізгі жүректі халықпен бірге мерекелік дастарханнан дәм татты. Сонымен қатар, ұлық мейрамның қадір-қасиетін арттырып, қайырымдылыққа ден қойған барша жанға алғыс-тілегін жеткізді.

Ал сауапты акцияда шалынған 17 тоннадан аса құрбандық еттері қала әкімдігімен бірлесе отырып, әлеуметтік тұрмыс-ахуалы төмен отбасыларға таратылу үстінде.


 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: