29
Жұма,
Наурыз

һижри

ҚМДБ: Облыс имамдарына шешендік өнерден тренинг өтеді (ФОТО)

Ел іші

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті жиналысында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Уағыз-насихат және Баспасөз бөлімінің басшыларына облыстардағы имам-молдаларға шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, уағыз әдебі тақырыптары төңірегінде жүйелі түрде семинар-тренинг өткізуді тапсырды.

«Біз имамдарымызды күн сайын жан-жақты дамытып, жетілдіріп отыруымыз керек. Дін қызметкерінің уағыз айту тәсіліне, әдебіне мән беру қажет. Өздеріңіз білесіздер, «500 зияткер имам» жобасын қолға алдық. Мұндағы негізгі мақсаттарымыздың бірі – имамдардың білімі мен тәжірибесін одан әрі дамытып, белсенді, үздік ағартушы дін қызметкерлерін республикалық игі іс-шараларға, жұмыстарға жұмылдыру» деп атап өтті бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Жиналыс соңында ҚМДБ төрағасы өзге де бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Obt5

Obt6

Obt2

Obt3

Obt4

www.muftyat.kz

Бөлісу: