23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Шөлейтте экологиялық қала салынады

Жаһан

Гүл бейнесіндегі Desert Rose City жаңа экологиялық қаласы Біріккен араб әмірлігінің шөлейтті аймағында бой көтереді.

Жоба жоспарына сәйкес, алып аймақта мектептер, сауда орталықтары, ауруханалар мен әмірлік тұрғындарына арналған үйлер салынады.

Дубай билігінің хабарлауынша, «гүл қалада» полиция учаскелері, мешіттер, сондай-ақ көлік құралдарынан бөлінетін зиянды заттарды тазартушы жасыл алаңқайлары да қамтылады.

Айта кетсек, қалада ғимараттар шатырында орналастырылатын құрылғылар арқылы 200 мегаватт энергия да өндіріледі. Күн қуаты негізінен қаланы жарықтандыруа, коммуналдық қажеттіліктерге жұмсалады.

Жаңа қала алғашқы құрылыс кезеңі аяқталысымен 160 мың жаңа тұрғынды қабылдай алады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: