29
Жұма,
Наурыз

һижри

Шенеуніктер зекет беруге міндеттелді

Жаһан

Тәжікстан президентінің аппарат жетекшісі Озода Рахмон Рамазан айының аяқталуына орай, Ораза айт мерекесінде шенеуніктерді қайырымдылық жасап, зекет беруге міндеттеді, деп хабарлайды «ТаджикТА» ақпараттық агенттігі.

«Тәжік шенеуніктері мұқтаж отбасыларға, жетім-жесірлерге, тұрмыс-тіршілігі төмен тұрғындарға қасиетті Ораза айт мерекесіне орай көмектесіп, зекет беруге ресми міндеттеледі» делінген аппарат жетекшісінің мәлімдемесінде.

Зекет есептерін облыстық, қала және өзге де әкімшілік аймақтардағы басшылар, мешіт имамдары мен кәсіпкерлер жүргізетін болады. Олар президент әкімшілігіне төленген сома туралы ақпараттарды жіберуі тиіс. Агенттіктің хабарлауынша, зекет төлеу процесіне Дін істері, дәстүр мен әдет-ғұрып комитеті қадағалау жүргізетін болады.

Айта кетсек, Тәжікстан билігі осы уақытқа дейін шенеуніктерді зекет төлеуге ресми түрде міндеттемеген еді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: