20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Шешенстанда жаңа мешіт ашылды (ВИДЕО)

Жаһан

Шешенстан астанасында 25-27 тамыз күндері өткен Әлемдік ислам конференциясы аясында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Төрт мың адамға арналған мешіт республиканың Гудермеск ауданында бой көтерді.

«Шешен шейхі Жүсіп қажы атындағы мешіттің ашылуы Гудермеск ауданы Қошкелді ауылында өтті. Салтанатты шараға ислам конференцияға қатысушылар мен қонақтар, делегация өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та болды» деп хабарлады ШР Мұсылмандары діни басқармасы баспасөз қызметі.

Ахмет қажы Қадыров атындағы қоғамдық қор қаражатына салынған құлшылық үйінің ашылуына Мысыр елінің бас мүфтиі Ахмад Мұхаммед әл-Тайиб қатысты.

 

{youtube}cQF4BZKw3qI{/youtube} 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: