29
Жұма,
Наурыз

һижри

Наиб мүфти «Халық қызметшісі» бағдарламасына қатысты

Ел іші

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы КТК телеарнасындағы «Халық қызметшісі» («Слуги народа») бағдарламасына қатысып, Артур Платоновтың сауалдарына жауап берді, деп жазады E-Islam.kz порталы.

Танымал тележүргізуші наиб мүфти Наурызбай Өтпеновке мынадай маңызды сұрақтар қойды.

– Біздің жастарды экстремист, террорист етіп шығару үшін қалай «тәрбиелейді?»

– Оларға ілескен жастардың өзі былай деп жауап береді – «бізге сыйақы ұсынды»

– Отанды, туған-туыстары мен жақындарын қалай сатып кетеді?

– Шетелде тұрақтылығымызды бұзу үшін арнайы жобалар жасалған.

– Қасиетті соғыс дегеніміз не?

– Отанды қорғау – біз үшін ең үлкен жиһад

– Тәрбие неден басталады?

– Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  бала тәрбиесін жар таңдау кезінен баста деп өсиет еткен.

– Қазір тастанды балалар көп. Аборт қылмыс па?

– Үлкен қылмыс. Алла Тағала Құранда: балаларды қандай күнәсі үшін өлтіресіңдер деп айтқан.

– Ислам дегеніміз не?

– Ислам – бір сөзбен айтқанда, бейбітшілік

– Террористер нені насихаттайды?

– Олардың ұстанымы ислам емес, діннен мүлде мақұрым. Бұлардың әрекеті нағыз қылмыс, терроризм.

Сұхбаттың толық нұсқасы ktk.kz ресми сайтында.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: