28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

ХАБАРЛАНДЫРУ: ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ӨТЕТІН ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ

Ел іші

ҚМДБ бастамасымен 2016 жылдың 4-6 мамыр күндері Алматы қаласында тұңғыш рет I республикалық әйелдер арасындағы Құран жарысы өтпек.

Осыған орай, I республикалық әйелдер арасындағы Құран жарысына Астана қаласы бойынша қатысуға ниет білдіруші үміткерлер (қыз балалар) арасында іріктеу сайысы ұйымдастырылады. Байқау жеңімпаздары Алматы қаласындағы республикалық Құран жарысына жолдама беріледі.

Нақтырақ айтқанда, Құран Кәрімнің – 10 пара бағыты, 5 пара бағыты, 3 пара бағыты, 2 пара бағыты бойынша (16 жасқа дейін және 16 жастан жоғары) және 1 пара бағыты бойынша (16 жасқа дейін, 16-30 жас аралығы, 30 жастан жоғары).

Құран жарысына қатысуға ниетті елордалық әйелдер мен қыз балалар ү.ж. 18-сәуіріне дейін тіркеле алады. Барша құран жаттаған әйел жамағатын жарысқа қатысуға шақырамыз!

Ескерту:
– Қатысушының Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
– Қатысушы талапкер 1 мамырға дейін тіркелуі қажет;

– Қатысушы ҚР азаматы болуы тиіс. 

 

Өтетін орны: Астана қаласы, «С.Ғылмани» мешіті.

Уақыты: 20-сәуір 2016 жыл.

Басталуы: Сағат – 10:00.

Байланыс тел.: 8 /7172/ 44-58-48, 87011442432, Жауапты Нұрғалиева Динара.

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі  

Бөлісу: