18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Сауд королі өз дәстүрін дәріптеді (ВИДЕО)

Жаһан

Сауд Арабиясының мемлекеттік телеарнасы Салман бен Әбдел Әзиздің Катар еліне ресми сапарын тікелей эфирден берді. Бұл Сауд королінің Парсы шығанағындағы елдерді аралау аясындағы екінші елі болып отыр.

Доха халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі қонақты Катар әмірі Тамим бен Хамад әл-Тани күтіп алды.

Салтанатты шара барысында қасиетті қос мешіттің сақшысы (Сауд Арабиясы королінің ресми лауазымы) араб халқының дәстүрлі биіне қосылды. Бұл көрініс әлеуметтік желілерге кең тарап, көпшіліктің жылы лебізіне ие болды.

{youtube}5786G0z-_FY{/youtube}

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: