25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Жеті жасар ағылшын қызы хафиз атанды

Жаһан

Ұлыбританияның Лютон қаласында тұратын жеті жасар Мәрия есімді қыз Құран Кәрімді бастан-аяқ жаттап алған хафиз деп салтанатты түрде жарияланды.

Ағылшын қызы қасиетті Құран кітабын толықтай жаттап шыққан. Ол Құран оқуды 5 жасынан бастаған көрінеді. Анасы оған әр күнге арнайы кесте әзірлеп, Құран сабағын үйренуіне жол көрсеткен. Осылайша балақай Құран аяттарын оқуға тәулігіне 5 сағатын сарп еткен.

Ал әрбір жаттаған Құран Кәрім бөлімдері бойынша Мәрия анасынан түрлі сыйлықтарға ие болған. Ойыншықтар, түрлі түсті бояулар немесе өзі ұнататын тәтті тағамдар сатылатын дәмханада отыру. Осы сынды марапаттарды анасы қызына әрбір жеткен жетістіктері үшін жасап келген.

Нәтижесінде, екі жылдан кейін Мәрия Құран Кәрімді толығымен жаттап, хафиз атанады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: