20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Астана мектептеріне Алаш арыстарының аты беріледі

Ел іші

Астана мектептеріне Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов және араб шейхінің атын беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы кезінде қала мектептеріне ат беру мәселесі көтерілді. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы басшысы Тілеуғали Қышқашбаевтың мәліметі бойынша қалалық ономастикалық комиссияға Мұстафа Шоқай, Рымғали Нұрғали, Міржақып Дулатов және БАӘ шейхі Халиф бен Зайд әл Нахайян атын беру туралы төрт ұсыныс келіп түскен.

"Қалалық ономастикалық комиссияға келесі ұсыныстар келіп түсті. №51 лицей директоры мен ұжымынан мекемеге Мұстафа Шоқай атын беру туралы. №53 мектеп-лицейі ұжымынан Рымғали Нұрғалиевтің атын беру, ал №68 мектеп директоры мен ұжымынан Міржақып Дулатұлы атымен атау және "Нұрлы Астана" кооператив қоры №84 мектепті БАӘ шейхы Халиф бен Зайд әл Нахайян атын беруді ұсынды. Еске салайық, қала әкімшілігі мен аты аталған БАӘ президенті қоры арасында Астанада қор қаржысына мектеп салынып, оған шейхтің аты берілетінін туралы келісім болған", - деді Тілеуғали Қышқашбаев.

Есек салайық, № 84 мектеп-лицейі 2016 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған. Білім мекемесі 2015 жылы салына бастады.

2015 жылы Араб әмірліктеріндегі Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шариф 13 миллион долларға салынған араб мектебі ашылатынын мәлімдеген. "Астанада 900 орындық қазақ-араб мектебі ашылады. "Абу-Даби Плаза" және EXPO-2017 халықаралық көрменің арасында орналасатын білім мекемесін БАӘ шейхы Халиф бен Зайд әл Нахайянның қайрымдылық қоры бөлген 13 миллион доллар көлеміндегі қайтарымсыз грантына салынады", - деген Лама Шариф 2015 жылы.

Бөлісу: