26
Жұма,
Сәуір

һижри

Қажылық курсы басталды (ФОТО)

Мешіт тынысы

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Астанадан қажылыққа аттанатын отандастарымызға арнайы дәріс өткізілді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев мұсылман қауымының ұлық ғибадаты – қажылық жайында, оның парыз болу шарттарын, қажылықта атқарылар рәсімдер туралы баяндап, қасиетті сапардағы ұстанатын талап-шарттар мен тыйымдарды түсіндірді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарына ерекше мән беріп, отандастарымызға қызмет көрсетудің сапасын көтеруге күш салып келеді. Биылғы қолға алынған бұл курс та осы мақсатта ұйымдастырылып отыр. Курс барысында білікті имамдар тобы қажылыққа ниет еткен қала тұрғындарына қажылық тақырыбында арнайы дәрістер жасайды.


«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: